«Әлеуметтік желілерде Сәтбаев қаласының қазандық мұржасынан (Жылу энергетикасы кәсіпорны) қалың қара түтін шығып жатқаны туралы ақпарат тарауда. Жылыту маусымы кезінде қаладағы 4 қазандықтан 360 мың тонна көмір жағылған. Осыған байланысты көп мөлшерде түтін шығарылуы мүмкін.Осыған орай арнайы экологиялық тексеру жүргізілетін болады. Оның нәтижелері жақын арада жарияланады», - делінген әкімдік хабарламасында.
00:34, 10 Наурыз 2023
Сәтбаев қаласындағы түтінге байланысты экологиялық тексеру жүргізіледі
СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат – Сәтбаев қаласындағы қазандық мұржасынан шыққан түтінге байланысты экологиялық тексеру жүргізілмек. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлытау облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.