Сәтбаев каналынан рұқсатсыз су алған фермер жауапқа тартылуы мүмкін

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Өңірдің табиғатты қорғау полициясы Ертіс бассейндік су инспекциясымен бірлесіп Қаныш Сәтбаев атындағы каналда су ресурстарын заңсыз пайдалану дерегін анықтады.

Фото: Ертіс бассейндік инспекциясы

Ақсу ауылдық округінің Евгеньевка ауылының маңында суармалы алқапты суару кезінде заңбұзушылыққа барған жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушісі анықталды. Белгілі болғандай, ол заңды айналып өтіп, стратегиялық арнадан су айдап келген.

— Су алу су пайдалану саласында қатаң міндетті болып табылатын рұқсат беру құжаттары мен келісімдерсіз жүзеге асырылған. Ресурстарды заңсыз айдау судың ұтымды бөлінуіне қауіп төндіреді. Бұл қазір суару маусымының қызған шағында, фермерлердің сумен жабдықтау қажеттілігі бірнеше есе артқан кезде өте маңызды, — дейді Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығы Айдар Сламбеков.

Барлық жиналған материалдарды полицейлер процедуралық шешім қабылдау үшін Ертіс бассейндіксу инспекциясына тапсырған.

Тәртіп сақшылары мен инспекторлар сорғыларды заңсыз іске қосу қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Еске сала кетейік, Сәтбаев каналынан Астанаға дейін су құбыры салынады