Сәтбаев тұрғындарына арналып жаңа үйлер салынуда

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпрат - Сәтбаев қаласында жаңа тұрғын үйлер салынып жатыр. «Нұрлы мекен» шағын ауданындағы үш бес қабатты тұрғын үй қыркүйек айында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тағы екі тұрғын үй жылдыңсоңына дейін дайын болады. Барлық бес үйдің жалпы ауданы - 14,3 мың шаршы метр.Онда 240 пәтер орналасқан. Қазір үш үйдің төбесі мен қабырғалары салынып жатыр.Қалған екі үйде құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр.

Қарағанды облысыныңәкімі Ерлан Қошанов Весовая және Крестовка ауылдарынан жаңа үйлерге көшкентұрғындардың пәтерлеріне барып қайтты. Өңірбасшысы салынып жатқан үйлердің сапасынаназар аударды. Қоныс тойын тойлаушылар жаңа баспаналарына риза екендерінжеткізді.

«Біз қысты осы үйдетұрдық, баспанамыз жылы болды. Қазір жаз, ыстық. Бірақ, сіздер көріп тұрғандай,пәтерімізде салқын. Бізде ауа салқындатқыштар жоқ, алайда бұл үйлер қыста жылыал жазда салқын болатындай етіп салынған. Бұл өте жақсы. Оның үстіне пәтердібізге жөнделген күйінде берді. Біз тек жиһаздарымыз бен заттарымызды алыпкірдік», дейді өткен жылы Сәтбаев қаласының Весовая кентінен көшкен зейнеткерНаталья Березкина.

Облыс әкімісондай-ақ «Нұрлы мекен» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Олар өңірбасшысына балабақша мен музыка мектебінің құрылысы, сондай-ақ аулалардыабаттандыру туралы сұрақтар қойды.

«Балабақша құрылысы- бұл өзекті мәселе, ол айтарлықтай қаржылық шығынды талап етеді, шамамен 800млн теңгедей. Біз осы мәселені екі жыл ішінде шешеміз. Музыка мектебіне келерболсақ, мен қаладағы өнер мектебін қайта жаңғыртуды ойластыруға тапсырма бердім»,- деп жауап берді Ерлан Қошанов.

Ол қысқа мерзімдежаңа шағын ауданның аулаларын абаттандыруды тапсырды. Орындықтар және күнқағарыбар үстелдер орнату керектігі де айтылды.

Естеріңізге салакетейік, Весовая, Крестовское, Рудничное және басқа ауылдардан тұрғындардыкөшіру Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалықдамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жүргізілуде.Алғашқы 15 көпқабатты тұрғын үй 2016 жылы тұрғызылды. Ол кезде 805 отбасы пәтералды. Шағын ауданға магистральды жылу жүйесі салынып, үйлер қажетті инженерліккоммуникациялармен қамтамасыз етілді, мұнда сондай-ақ жаңа мектеп салынды.

Соңғы жаңалықтар