«Сауда орталығынан - 40, көрші тұрған үйлерден 30 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің оқу-жаттығу жасағының қызметкерлері ғимаратты, оның әрбір бутигін, қосалқы бөлмелерін қарап шықты. Күдікті ешбір зат табылмады. 34 жастағы жергілікті тұрғын шұғыл түрде анықталып, ұсталды», - деп мәлім етті ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақтияр Құдияров.
Ер адам қылмысын мойындады. Одан қоңырау жасалған ұялы телефон алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабар беру») бойынша жүргізілуде. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды.