Сәтбаевта «Бірлігіміз - жарасқан!» науқаны аясында мемлекеттік қызметкерлер ұрпақтарының кездесуі болды

None
АРАҒАНДЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында «Бірлігіміз - жарасқан!» әлеуметтік науқаны аясында мемлекеттік қызметкерлер ұрпақтарының кездесуі болды, деп хабарлады қала әкімдігінен.

Оған мемлекеттік қызметтің зейнеткерлері мен қазіргі қызметшілері қатысты. Кездесудің басында қатысушылар назарына «Астана - жаңа Қазақстанның мақтанышы, елдің бірігуінің және ұлттық идеяның бекуінің нышаны» бейнеролигі ұсынылды.

Зейнеткерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметтің жас қызметшілеріне жауапты әрі принципшіл болуды тілек етті.

«Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың командасында мемлекет пен туған қаланың дамуына мемлекеттік қызметшілердің бірнеше буыны өз үлесін қосуда. Біз бірлесе отырып, Қазақстанды дамыған және жайнаған мемлекет етеміз. Алдымызда - батыл жоспарлар, бірақ біз - бір командамыз, міндетті түрде орындап шығамыз», - дейді акцияға қатысушылар.

Сәтпаев қаласының әкімі Советбек Медебаев егемен Қазақстанның аяғына қаз тұру жылдарында сіңірген көпжылдық адал еңбегі мен үлесі үшін мемлекеттік қызметтің зейнеткерлеріне дипломдар табыс етті. Қазір қызметте жүрген мемлекеттік қызметшінің бір тобы қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.