«Үйдің өртенуі туралы хабар 3 сәуір күні 03:26-да түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде екі қабатты, сегіз пәтерлі ағаш үйдің шатыры жанып, баспалдағы құлап жатқан. Өртті сөндіруге қосымша күш жіберілді», - делінген хабарламада.
Өрт сөндіру кезінде 1 адам құтқарылып, тағы бір адам қауіпсіз жерге көшірілді. Екінші қабаттан ыс тиген 53 жастағы ер адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Сол пәтерден 29 жастағы жігіттің денесі табылған.
Өрт 7:14-де сөндірілді, жалын 180 шаршы метрді шарпыған.
Жазатайым оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Үйде 19 адам, соның ішінде 8 бала тұратын. Жергілікті атқарушы органдар 3 адамды жатақханаға орналастырды, қалғандары туыстарына барып паналады.