«Андрей Цуканов әкім орынбасары Айгүл Тілендинаның кабинетіне шақыртусыз, алдын ала жазылмай кіргені анықталды. Бұл әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу деп танылды. Артынан келген әкімдік қызметкерлерінің талабын құлағына ілмеген», - деп хабарлады соттан.
Ауруханаға жеткізілген жүкті әйел олардың атынан шағым жазды. «Үш ер адам да ӘҚтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, бес тәулікке әкімшілік тұтқынға алынды», - деп хабарлады Сәтпаев сотында.
Еске салсақ, 11 шілдеде Сәтпаев қалалық әкімдігінде әкімдік қызметкерлері мен келушілер арасында жанжал шыққан болатын.