Видеодан орталық көшеде түнгі сағат 4:00 шамасында BMW және Mercedes автокөлік иелерінің жол ережесін өрескел бұзғанын көруге болады. Олар жол ережесін сақтамай, авариялық жағдай туғызған.
Полиция қызметкерлері Сәтбаев қаласының 20-25 жастағы екі тұрғынын тауып, әкімшілік жауапқа тартты. Көліктер айыптұраққа қойылды.
Автокөлік жүргізушілеріне жол ережесін өрескел бұзғаны және жолда авариялық жағдай туғызғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.