Сәтпаевта жаңартылған балабақша 300-ден астам баланы мектепке дейінгі біліммен қамтып отыр
Ұлытау облысының Сәтпаев қаласында қала құраушы кәсіпорын «Ақбота» бөбекжай-бақшасын жөндеуден өткізді. Осының арқасында 320 бала заманауи және жабдықталған топтарда мектепке дейінгі білім алады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Сәтбаев қаласының білім бөлімінің «Ақбота» балабақшасы 1994 жылы пайдалануға берілген. Балабақша 320 балаға және 14 топқа арналған. Отыз жыл ішінде нысан бірде бір рет күрделі жөндеуден өтпеген. Салдарынан 2023 жылғы тамызда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның шешімімен балабақшаның жұмысы тоқтатылып, техникалық тексеру жүргізілген. Содан кейін мамандар дереу сметалық құжаттама дайындауға кірісіп, 2024 жылдың мамырында «Қазақмыс» корпорациясы өз қаражаты есебінен күрделі жөндеуді бастады.
Жұмыс бекітілген кестеге сәйкес аяқталды, соның арқасында 320 бала жаңартылған балабақшада білім алу мүмкіндігіне ие болды. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында шатыр толығымен жаңартылды. Құрылысшылар сыртқы қасбетті фиброцемент панельмен қаптады. Балабақшаның ішкі қабырғалары мен төбелері гипс картонмен және сылақпен қапталған. Содан кейін олар ашық түске боялды.
— Жөндеу кезінде есіктер мен терезелер ауыстырылды, едендер жаңартылды, балалардың барлық ойын топтарында жылы едендер жасалды. Жылумен, сумен жабдықтау құбырлары толығымен жаңартылды. Барлық желдету құбырын ауыстырдық. Жарықтандыру, ас әзірлеу жүйелерін жаңарттық. Барлық топ пен дәліде, балабақшаның сыртында бейнекамералар мен өрт дабылы құрылғылары орнатылды. Балалар алаңдары заманауи жабдықтармен жабдықталған, тіпті балалар жолдары да қарастырылған. Балабақшаның айналасына ағаш егіліп, асфальт толығымен жаңартылды, — дейді «Ақбота» балабақшасының директоры Жанар Байбатырова.
«Қазақмыс» корпорациясы күрделі жөндеумен қатар балабақшаны жабдықпен қамтамасыз етті. Компания есебінен кереуеттер мен балалар жатын бөлмелерінің төсек жабдықтары жаңартылды, балалардың ойын бөлмелеріне арналған дамыту бұрыштары, қабылдау бөлмелеріндегі киім шкафтары орнатылды.
Сондай-ақ, балалар үшін спорт бөлмесі мен музыкалық зал жабдықталды. Олар заманауи жабдықтармен толықты. Бұдан басқа, балабақшаға Монтессори бөлмесі және тұз бөлмесі сыйға тартылып, жаңа пештер мен мұздатқыштар орнатылды.
— Бүгін біз армандағандай, әдемі, жарқын, жылы, заманауи, тартымды ойын алаңдары бар балабақшамыз жұмыс істеп жатыр. Біз балабақшамызды күрделі жөндеуден өткізген «Қазақмыс» корпорациясына алғыс айтамыз, — дейді Жанар Байбатырова.
Айта кетелік елде 1 миллионға жуық бала балабақшаға барады.