«Сәтті қадам» жобасының екінші кезеңіне қатысушылар сұхбаттасуға шақырылуда
«Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» жобасы - жас мамандар үшін тиімді әлеуметтік саты болып табылады. Бағдарлама жастарға кәсіби жағынан және тұлға ретінде қалыптасуына, аяққа нық тұруына септігін тигізіп, еліміздің алдыңғы қатарлы ұйымдарында тәжірибе жинақтауларына көмектеседі. «Жас Отан» ЖҚ аталмыш жобаны іске асыра отыра, Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға өз үлесін қосады. Жоба бойынша жұмыс тапқан қатысушылар, соның дәлелі», - дейді «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Нұрлан Сыдықов. Қатысушылар үшін сұхбаттасу 11-13 тамыз аралығында «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты ғимаратында өтеді. «2014 жылы мен ҚБТУ-ды «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша аяқтадым. «Сәтті қадам» университет түлектеріне республикалық деңгейдегі компанияларда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін жақсы бағдарлама. Өзімнің мақсатым - «Қазмұнайгаз» компаниясында тағылымдамадан өтіп, өз мамандығым бойынша жұмыс табу», - деп өз жоспарларымен бөлісті жоба қатысушыларының бірі Нұрсұлтан Әзілхан. «Сәтті қадам» жобасы Қазақстанда 2013 жылдан бері жүзеге асып келеді. «Нұр Отан» партиясы алға қойған жобаға ЖОО мен арнайы оқу орындарын тәмамдаған жастар шақырылады. Жобаның басты мақсаты - еліміздегі ұлттық компаниялары мен мемлекеттік органдарында жастардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру. Жоба қатысушыларды іріктеу, сұхбаттасу, сондай-ақ тренингтер арқылы олардың кәсіби біліктіліктері мен жеке мүмкіндіктерін арттыруды көздейді.