Сатурнның жаңа орасан үлкен сақинасы анықталды

АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Астрономдарға Сатурнның бұған дейін белгісіз болған тағы бір сақинасын анықтаудың сәті түсті. Бұл жөнінде Spitzer ғарыштық телескопының сайтындағы баспасөз баянында айтылған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап. Жаңа сақина Күн жүйесі ғаламшарларының маңындағы белгілі сақиналардың ең үлкені болып табылады.

Бұл орасан үлкен нысанды оптикалық диапазонда бақылауға болады. Өкінішке қарай, оның сиректігінен бақылаудың мүміндігі болмай отыр. Зерттеушілердің айтуынша, «жаңа сақинаны тікелей оның ішінде тұрса да көрудің мүмкіндігі жоқ».

Бұл нысан Сатурннан 6 миллион шақырым қашықтықтан басталады және тағы 12 миллион шақырымға созылады.