«Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана» бағытында тиісті қадамдар жасалды - «Қазақстан ипотекалық компаниясы»

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАҚпарат - «Қазақстан ипотекалық компаниясы» «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана» бағытында алғашқы қадамдарды жасады.

Қазіргі кезде бағдарламаны іске асыру мақсатында компания «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс компаниясы» АҚ және «Бірыңғай төлем жүйесі» ЖШС сияқты еншілес ұйымдарды құрды. Олар жалға берілетін баспананың құрылысшыларымен, қызмет көрсетушілермен және арендаторлармен қажетті жұмыстарды атқарады.

«Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана» бағытын белгіленген мерзімде уақытылы іске қосу бойынша белсенді жұмыстардың жүргізілуіне байланысты  бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде «Қазақстан ипотекалық компаниясы» құрылысқа, баспананы пайдалануға беруге негізделеді.

 Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының аясындағы «Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана» бағытының операторы болып табылады. Қазіргі таңда компания өңір әкімдіктерімен және Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттікпен бірлесіп, жалға берілетін үйлер салынатын жер телімдерін анықтау және еншілес компаниялар құру жөніндегі жұмыстар жүргізуде», - делінген хабарламада.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асырудың барысында еліміздің барлық өңірінде шамамен 3 млн. шаршы метр жалға берілетін баспана салу жоспарлануда, оның ішінде 2014-2015 жылдары -250 мың шаршы метрге дейін, ал 2016 жылдан бастап жыл сайын  500 мың шаршы метрге дейін жалға берілетін баспана тұрғызылмақ.