Нәтижеге сәйкес сұралғандардың 29%-ы бұл идеяны қолдаса, 63%-ы қарсы болған.
ГФР (63%) тұрғындарының басым бөлігі Ұлыбританиядағы референдум нәтижелеріне өкініш білдіреді, тек 11%-ы дауыс беру нәтижесіне оң баға берді. 20 пайызы британдықтардың шешіміне ықылас танытпады.
Респонденттердің 70 пайызы ЕО-ны реформалау қажет деген пікірде.
Бейсенбі күні Ұлыбританияда елдің ЕО-ға мүшелігі бойынша референдум өтті. Ресми деректерге сәйкес ЕО-дан шығуға 51,9 пайыз дауыс берді. ЕО-да қалуға шақырған Британия премьер-министрі Дэвид Кэмерон қазанда отставкаға кетуге ұйғарды.