Басылым жүргізген сауалдама мәліметтері бойынша, 33% британдықтар ел Еуроодақтан шығуы тиіс деп санайды, ал 48%-ы Ұлыбританияның ЕО қатысушы-елі мәртебесін сақтау идеясын қолдайды.
Сонымен бірге, сұрау салынғандардың 30 пайызы Кэмерон өткен келіссөздерде мемлекеттің ұстанымын ойдағыдай қорғап қала алмады деген пікірде. Премьерді респонденттердің 35 пайызы қолдады.
Бұдан бұрын 23 маусымда Ұлыбританияның ЕО-да болуын сақтау жөнінде референдум өткізілетіні хабарланған болатын.