Сауалдама: Британияның ЕО-дан шығуын жақтайтындар қатары 41%-ға дейін өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Еуропалық одаққа мүшелігі туралы референдум қарсаңында Opinium компаниясы әлеуметтік сауалдама өткізді, оған сәйкес сұрау салынған британдықтардың 43%-ы ЕО құрамында қалуды жақтады, деп хабарлады Gazeta.ru Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Дегенмен респонденттердің 41 пайызы Британияның Еуроодақтан шығуын жақтады, сұрау салынғандардың 16 пайызы жауап қайтаруға қиналды.

Сауалдама 31 мамырдан 3 маусымға дейінгі аралықта өткізілген, оған 2 мың адам қатысмқан.

Бұдан бұрын, ORB әлеуметтік қызметі өткізген зерттеулер нәтижесінде Еуроодақ құрамынан Ұлыбританияның шығуын жақтайтындар блокқа мүшелікті жалғастыруға ниетті оппоненттерден артта қалушылықты апта ішінде едәуір қысқартқаны хабарланған болатын.