Бұл ретте 39 пайыз репонденттер Лондонның Брюссельмен қатынасын үзбегенін қалайды. Әлеуметтанушылар шешуші дауыс осы мәселе бойынша әлі ұстанымын айқындамаған 18 пайыз адамдарға байланысты болатынын атап өтеді. 29 наурыз - 1сәуір аралығында зерттеуге барлығы 2 мыңға жуық адам қатысты.
Бұдан бұрын қаңтарда осы әлеуметтік қызмет осындай сауалнама жүргізгенде ЕО-да британия мүшелігін сақтауды жақтаушылардан еуроскептиктер аздаған артықшылықпен басым түскен еді - 40%-дан 41%. Әлеуметтанушылардың айтуынша, Ұлыбритания тұрғындары ЕО-дан келетін мигранттар ағынының артуына наразы.
Төрт талап
Британдық премьер-министрі Дэвид Кэмерон өткен жылғы қарашада ЕО билігіне қоғамдастықты реформалау бойынша ресми түрде төрт талап ұсынған: оны мультивалюталық одақ деп тану, оның мүшелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық парламент өкілеттіктерін кеңейту және көші-қон заңнамасын қатаңдату. Соңғысы ЕО-дан Ұлыбританияға қайта келген еңбек мигранттары үшін әлеуметтік жеңілдікке қолжетімділікті төрт жыл мерзімге бұғаттауды көздейді. Біріккен Корольдіктің ЕО-дағы одан әрі мүшелігі мәселесі бойынша референдум 23 маусымда өтеді.