The Independent басылымының жазуынша, әлеуметтанушылар Батыстың тоғыз мемлекетінде 9 мыңнан астам адамды сұрастырып шыққан, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания және Франция тұрғындары бар.
АҚШ-та респонденттердің 64 пайызы үшінші дүниежүзілік соғыстан қашып құтылу мүмкін еместігін пайымдауда.
Ұлыбританияда жаңа жаһандық соғыстың таяп қалғанын сауалнамаға қатысқандардың 61 пайызы сезінуде, тоғыз мың адамның 19 пайызы бейбіт өмір боларына үмітті.
«Әсіресе, француздықтар мен америкалықтардың үрейі басым. Дегенмен, олардың себептері әртүрлі», - деп атап өтті YouGov-тың саяси және қоғамдық зерттеулер директоры Энтони Уэллс.
Оның айтуынша, америкалықтардың қорқынышы президент Дональд Трампқа қатысты екіұштылықпен байланысты болуы мүмкін. Француздар болса, терроризмнен қауіптенеді, жауап алынғандардың 81 пайызы елде жақын уақытта жаңа лаңкестік оқиғалар болады деп есептейді.
Сондай-ақ, «РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, британдықтардың 71 пайызы және америкалықтардың 59 пайызы Ресей тарапынан әскери қауіпті сезінетіндігін айтып өткен.
Фото: © Flickr/ Glen Bowman