Франс Пресс агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, Олландты президент орынтағынан көргісі келмейтіндер - сұралғандардың 85 пайызын құрады.
Респонденттердің төрттен үші Бесінші республиканың басшысы қалай болғанда да өз кандидатурасын сайлауға ұсынады деп санайды.
10:56, 04 Қыркүйек 2016
Сауалнама: Француздардың 85 пайызы Олландты президент ретінде қайта көргісі келмейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздардың басым бөлігі ел президенті Франсуа Олландты жаңа мерзімге сайлауға түскенін қаламайды, мұны IFOP социологиялық зерттеу институтының сауалнама деректерінен көруге болады.