Сауалнама: Камала Харристің танымалдығы күрт артты
АСТАНА. KAZINFORM — ABC News/Ipsos сауалнама деректеріне сәйкес, Президент Джо Байден президенттік лауазымға талас жолынан шыққаннан кейінгі бірнеше күннің ішінде вице-президент Камала Харристің рейтингі америкалықтар арасында күрт артты. Бұл жайында Кazinform агенттігі ABC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ABC News/Ipsos Ipsos' KnowledgePanel қолдану арқылы жүргізген сауалнамаға сәйкес, вице-президенттің қолайлы жағдай рейтингі 43 пайызға дейін артса, ал қолайсыз жағдай рейтингі 42 пайызға дейін (1 апта бұрын аталған көрсеткіштер тиісінше 35 және 46 пайыз болатын) төмендеді
Рейтингтің күрт жоғарылауы саяси маңызды топтардың — тәуелсіз сайлаушылардың арасында да байқалады.
Айталық, тәуелсіз сайлаушылардың 44 пайызы К.Харрис жайлы оң пікірде. Бір апта бұрын бұл көрсеткіш 28 пайыз болған.
Тәуелсіз сайлаушылар арасында оны ұнатпайтынтындардың үлесі 40 пайызды құрап отыр. Ал өткен аптада ол 47 пайыз еді.
Сауалнамаға қатысқан америкалықтардың 52 пайызы вице-президент Демократиялық партия атынан кандидат болуы тиіс деп есептейді.
Бұл цифр демократтар арасында — 88, ал афроамерикалықтар арасында — 70 пайызға дейн артқан.
Д.Трамптың қолайлы жағдай рейтингке оған қастандық жасалғаннан кейін және Республикалық партияның Ұлттық съезінен кейін жүргізілген соңғы сауалнама нәтижесінде 40-тан 36 пайызға дейін төмендеді.
Тәуелсіз сайлаушылар арасында Д. Трампқа бүйрегі бұратындар өткен аптада 35 пайыз болса, жексенбіде 27 пайызға дейін төмендеді.
Күзде өтетін америкалық президентті сайлауға қатысушылар шешуі мәнге ие және де ABC News/Washington Post шілде айының басында жүргізген сауалнамамен салыстырғанда дауыс беруге қатысуға ниет білдіріп отырған демократтардың үлесі 70-тен 76 пайызға дейін артып отыр.
Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш қарашадағы сайлауда дауыс беретіндігіне сенімді республикалықтар арасында 78 пайызға тең.
Соңғы аптада Трамптың серіктесі Джей Ди Вэнске ниеттестер қатары өзгере қойған жоқ. Дегенмен, оған қырын қарайтын америкалықтардың үлесі артып келеді.
Мәселен, Огайо штатынан сенатордың қолайлы жағдай рейтингі — 24 пайыз. Ал өткен аптадағы сауалнама барысындағы рейтингі 23 пайыз болған-ды.
Бірақ, оған қырын қарайтындар қатары өткен аптада 31 пайыз болса, қазіргі уақытта 39 пайызға жетіп отыр.
ABC News/Ipsos сауалнамасы 26-27 шілде күндері афроамерикалық және испантілді респонденттердің қатысуымен 1 200 ересек америкалықтың арасында ағылшын және испан тілінде жүргізілді.
Нәтиже 3 тармаққа қате болуы ықтиал.
Партиялық бөліну мынадай: демкораттар — 31 пайыз, республикалықтар — 29 пайыз және тәуелсіз сайлаушылар — 29 пайыз.