Зерттеу нәтижесіне сәйкес, «Алға, республика» мен «Демократиялық қозғалыс» сайлаудың бірінші кезеңінде 29,5% дауысқа ие болатындығы. Консервативтік «Республикашылдар» мен оның серіктесі «Демократтар мен тәуелсіздер одағы» 22% дауыс, ал Марин Ле Пеннің ультрақұқықтық «Ұлттық фронты» 18 % дауыс жинайды деп күтілуде. Жан-Люк Меланшонның «Жеңілмейтін Франциясы» 11,5%, ал «Социалистік партия» 9% дауысқа ие болуы ықтимал.
Осы сауалнамаға сәйкес, сайлаушылардың 45 проценті Макронның парламентте билік етуіне қолдау білдірмесе, 28% респондент оны қолдаған.
Сондай-ақ сауалнама нәтижесіне сәйкес, дауыс берушілердің 58 проценті Эммануэль Макронның президент ретінде жасаған алғашқы қадамдарына «қанағаттанарлық» деген баға берген.