«Жаппай атыс болған жағдайда сізді және сіздің отбасыңызды кім қорғай алады?» деген сұраққа респонденттердің 41,8 пайызы қарулы азаматтар деп жауап берді.
25,1 пайызы құқық қорғау органдарына басымдық берген. 10,3 пайызы федералды агенттерге дауыс берді.
22,8 пайызы «жоғарыда аталғандардың ешқайсысы» деген жауап нұсқасын белгілеген.
«Жергілікті құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметкерлер жәбірлеушілерді алдын ала анықтап, жолын кесетініне қаншалықты сенімдісіз?» деген сұраққа респонденттердің басым көпшілігі - 62,2 пайызы аталған органдардың қаскүнемдерді анықтайтынына сенбейтінін мәлімдеді.
26,9 пайызы құқық қорғау органдарына мүлде сенбейтінін айтты. Ал 37,9 пайызы полицейлердің қызметіне сенім білдірді.
Сауалнама 7-10 шілде аралығында 1078 АҚШ азаматы арасында жүргізілді.
Фото: Tribune News Service via Getty Images