Сауд Арабия билігі қажылықты сәтті ұйымдастырғанын хабарлады

ӘБУ-ДАБИ-МЕККЕ. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының билігі әлемнің әр түпкірінен жыл сайын қажылыққа аттанатын адамдарға көрсетілетін қызметтің жоғары деңгейде болғандығын хабарлады.

Мина аңғары бейсенбі, барлық қажылыққа келушілер Мекке мен Мәдинаға кеткенде босап қалғандай көрінді. Сәрсенбіден бастап қажылыққа келгендер қажылық рәсімдерін жасап, екінші күні ат-Ташрик күндерін мерекелеуге үйлеріне аттанады.

Осы жылы Сау Арабиясы Корольдігі мемлекеттік секторынан 300 мыңнан  астам адам жыл сайынғы қажылықты ұйымдастыруға тартылды.

«Әл Машаер» метросының жерүсті желісіне 1600 рет сапар шекті. Осы уақыт аралығында Мекке мен киелі орындар арасында 300 мыңнан астам адам апарып-әкелінді. 16000 автобус жұмыс істеді. Мекке мен киелі орындарда 18 миллион текше метрден астам замзәм суы және бес миллион табақ ас берілді.

Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрі Тауфик аль-Рабия қажылыққа келушілер арасында инфекциялық карантиндік аурулар тіркелмегенін хабарлады. Оның айтуынша Мекке мен киелі орындарда 25 аурухана, қосымша 5000-нан астам кереуетті қосқанда, 158 денсаулық орталығы ұйымдастырылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да инфекциялық аурулардың тіркелмегенін растады.

Бейсенбіде «Saudi Arabian Airlines» (Saudia) авиакомпаниясы қажылыққа келушілерді Корольдік ішінде тасымалдау үшін рейстерді жүзеге асыра бастады. Алғашқы рейс Аль-Хофуф қаласына барды. Басқа  рейстер   Эр-Рияд, Даммам, Табук, Касим және т.б. қалаларына ұшты.   

Жұма таңертең Saudia  Парсы шығанағы елдеріне ұшырылымын бастайды.     Сенбіде сауд тасымалдаушысы әлемнің әр бөлігіне 306456 жолаушыны тасымалдауды бастайды.