ҚМДБ мәліметінше қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылықты тыныш әрі реттелген жағдайда өткізу мақсатында енгізіліп отыр.
Негізгі талаптар:
- 2026 жылғы 18 сәуірден 31 мамырға дейін «Nusuk» платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады.
- 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан басқа барлық визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады.
Аталған талаптарды бұзу Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.
— Сауд Арабиясының құзырлы органдары барлық азаматты соның ішінде шетелдік азаматтарды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өткізуге шақырады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік еліміздің 17 тұрғыны қажылыққа барам деп, алаяққа алданып қалған еді.