Сауд Арабиясы королінің жеке көмек көрсету орталығының өкілі Абдулла бин Абдулазиз Аль-Рабиа бұл көмекті «Ливанға жеткізілуі тиіс міндетті шара» деп мәлімдеді. Өйткені, Ливанда жағдай күннен күнге қиындап барады. Осыған дейін Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Ирак, Мысыр, Иордания, Румыния және Франция Ливанға гуманитарлық көмек жеткізген болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Израильдің Ливандағы әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 2 141 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.