Сауд Арабиясы Магдебург базарындағы лаңкестік әрекетті айыптады
АСТАНА. KAZINFORM — Тиісті мәлімдемені корольдіктің сыртқы істер министрлігі жариялады, деп жазады ТАСС.
Сауд Арабиясының билігі Германияның Магдебург қаласындағы рождестволық базарда жасалған лаңкестік әрекетті айыптап, Германия халқымен ынтымақтастығын білдірді.
— Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы Корольдігінің Германия Федеративті Республикасындағы Магдебург қаласында болған адамдарды қасақана қағу оқиғасын айыптайтынын білдірді. Қайғылы оқиға салдарынан бірнеше адам қаза тауып, жараланды, — делінген хабарламада.
Ведомство Сауд Арабиясы зорлық-зомбылықтан бас тартады және «қаза тапқандардың отбасыларына, ГФР үкіметі мен халқына зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеп, шын жүректен көңіл айтатынын атап өтті.
Еске салсақ, жұма күні кешке қара түсті BMW жүргізушісі көлікті Магдебургтегі (Саксония-Анхальт федералды штаты) Рождестволық базарға әдейі бағыттап, бірнеше адамды қақты. Bild газетінің хабарлауынша, кем дегенде 11 адам қаза тауып, 80-ге жуық адам жараланған, бірақ ресми түрде тек екі өлім, оның ішінде бір бала расталды. Саксония-Анхальт пен Магдебург билігі бұл оқиғаны теракт деп атады.
Кейіннен жүргізушінің ұсталғаны хабарланды. Оның 1974 жылы туған Сауд Арабиясының тумасы екені анықталды.