Сауд Арабиясы Палестинаға 90 миллион доллар бөледі
03:05, 26 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Сауд Арабиясы Палестина билігін қаржыландыру үшін төтенше халықаралық коалицияның құрылғанын жариялады, деп хабарлайды Aljazeera.
Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында өткен баспасөз мәслихатында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бин Фархан Әл Сауд коалиция бірқатар маңызды серіктестермен Палестина билігіне тікелей қаржылық қолдау көрсететінін айтты.
Ол сондай-ақ Сауд Арабиясы күш салуға 90 миллион доллар бөлетінін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар Батыс елдері Палестинаны ресми түрде мойындағанын жаздық.
Сондай-ақ Палестина халықаралық қауымдастықты Нью-Йорк декларациясын қолдауға шақырды.