АСТАНА. KAZINFORM – Сауд Арабиясы елге Ұмра сапары үшін келген және Израильдің шабуылдары салдарынан Газа секторына орала алмаған палестиналықтарға елде қалуға рұқсат берді. Бұл туралы Палестина Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, NTV басылымы хабарлады.
Палестина Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Сауд Арабиясы Израильдің шабуылдары салдарынан елде қалып қойған Газадан Ұмра сапарына келгендерге елде 6 ай тұруына рұқсат берді.
Сыртқы істер министрлігі бұл шешім үшін Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазиз бен тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманға алғыс білдірді.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы