Сауд Арабиясының тақ мұрагері қан тапсыру науқанына қатысты

Фото: Saudi Press Agency

АСТАНА. KAZINFORM — Мұхаммед бен Салманның бұл әрекеті ерікті қан тапсыруды қолдау әрі қоғамның гуманитарлық бастамаларға қатысуына үлгі болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері және премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бин Абдулазиз Әл Сауд өзі бастаған жыл сайынғы акциясы аясында қан тапсырды, деп хабарлайды Saudi Press Agency.

Акция 21 тамызда Неом қаласында өтті және басшылықтың ынтымақтастық пен өзара көмек мәдениетін дамыту жөніндегі күш-жігерінің жалғасы болды.

Бастама қоғамның барлық топтарын ерікті бағдарламаларға қатысуға ынталандыруға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл науқанның мақсаты – «Сауд Арабиясы – 2030» ұлттық стратегиясында көзделген «жоғары деңгейдегі әл-ауқатқа ие өміршең қоғам» қалыптастыру міндеттеріне сәйкес, 100 пайыз ерікті донорлыққа негізделген жүйені құру.

Бұл науқан Сауд Арабиясы басшылығының соңғы жылдардағы бірқатар гуманитарлық қадамының заңды жалғасы, деп атап өтті SPA. Оларға COVID-19-ға қарсы вакцинация, сондай-ақ Екі қасиетті мешіттің қамқоршысы мен тақ мұрагерінің ұлттық орган донорлығы бағдарламасына тіркелуі кіреді.

Осы жолғы науқанда азаматтарды донорлықтың денсаулық сақтау жүйесі үшін маңыздылығы туралы ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Әрбір донорлық емделуге мұқтаж науқастар қан, плазма немесе тромбоциттермен қамтамасыз етіледі.

2024 жылы корольдікте 800 мыңнан астам адам донор болды.

Бұдан бұрын Сауд Арабиясының «Ұйқыдағы ханзадасы» атанып кеткен ханзада Әл-Валид ибн Халед ибн Талал Әл Сауд 20 жылдық комадан кейін өмірден озғанын жазғанбыз.