Сауд Арабиясы 2015 жылғы бюджетін мұнайдың бір баррелінің құнын $80 мөлшерінде белгілеумен құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы 2015 жылғы бюджетін мұнайдың бір баррелінің бағасын 80 доллар есебімен құрастырды, деді елдің қаржы министрлігінің бұрынғы экономикалық кеңесшісі Джон Сфакианакис (John Sfakianakis).

Ағымдағы жылы ел бюджеті (оның табысының 89%-ы мұнайдан түскен пайда) мұнайдың бір баррелінің бағасы 103 доллар есебінен құралған, деп хабарлады РИА Новости. Осылай құрастырылған бюджет нарыққа деген сенімділікті арттырады, деп есептейді Сфакианакис. "Барлығы бюджет мұнай бағасы 60 доллардан болатынын ескерумен құралады деп күткен еді. Алайда ол мұнай нарығы үшін теріс әсерін тигізуі мүмкін. Мұнай барреліне 80 доллар баға жағдайында шығынсыз бюджет болғанның өзінде Үкімет нарықтағы мұнай бағасының қалпына келетінін күтетінін айтады", - деді министрліктің бұрынғы кеңесшісі. Осы аптада Сауд Арабиясының қаржы министрлігі келесі жылы жоспарланған шығындар көлемі 860 миллиард сауд риалын (229 миллиард доллар) құрайтынын хабарлаған. Бұл ағымдағы жылы жоспарланған шығынмен тең. 2015 жылы мемлекет табысы 715 миллиард риал құрамақ. Биыл бұл көрсеткіш 1,05 триллион риалды құраған. Биылғы жазда мұнай бағасы күрт төмендеді. Сарапшылар оны нарықтағы ұсыныстардың көп болуымен байланыстырады. ОПЕК елдерінің 27 қарашадағы күніне 30 миллион баррель деңгейінде мұнай өндіру квотасын сақтау шешімі мұнай құнының құлдырауын күшейтті.