Сауд Арабиясы африкалықтарға қажылық визалардың берілуіне тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы Африканың Сьерра-Леоне, Либерия және Гвинея елдерінде Эбола безгегі ауруының ошақтарының анықталуына байланысты бұл мемлекеттердің азаматтарына қажылық жасауға визалар рәсімдеуге рұқсат бермеуді жөн көрді.

Корольдіктің денсаулық сақтау министрлігінен хабарлағандай, елдің барлық айлақтары мен әуежайларында басқа елдерден келушілерден өлімге әкеп соқтыратын аурудың белгілерін анықтауға әзір мамандар бар, деп жазады Би-би-си. Айта кетейік, Батыс Африкада анықталған Эбола безгегі 900-ге жуық адамның өмірін қиды.