Бұл туралы сәрсенбіде Wall Street Journal газеті жазды.
Аталған нысан Америка астанасы аймағы және оның маңындағы қалалар тарихындағы ең қымбат тұрғын ғимаратқа айналып отыр.
Сауд Арабиясы өкілінің айтуынша, «Мерривуд» жекежайы АҚШ-қа келген ресми делегациялардың орналасуы үшін қажет.
Бұған дейін жекежай America Online компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Кейске тиесілі еді. Ол үйді 2005 жылы 24,5 млн долларға сатып алып, былтыр 49,5 млн долларға сататынын мәлімдеген.
Жекежай Потомак өзенінің жағасында орналасқан, жалпы аумағы 2,3 гектарды алып жатыр. Сәулетті үйдің жалпы ауданы - 2,137 мың шаршы метр. Онда теннис корты, бассейн, спортзал, төрт автомобиль сиятын гараж, т.б. бар.
Фото: wsj.com