Сауд Арабиясы Азия тұтынушылары үшін мұнай бағасын арттырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы осы жылғы сәуірден бастап Азия елдері тұтынушыларына мұнай бағасын көтерді, деп хабарлады ТАСС Financial Times газетіне сілтеме жасап.

Басылым бұл қадамды «ірі және ол үшін ең маңызды нарықта сұранысқа жағдай жақсарып жатқандығының» белгісі ретінде бағалады.

Ұлттық Saudi Aramco компаниясы сәуірден бастап Arab Light маркалы мұнайдың барреліне ресми сату бағасы азиялық клиенттер үшін $0,25 ұлғаятынын мәлімдеді. Осылайша, Оман/Дубай өңірі үшін орташа бағадан жеңілдік 1 доллардан 0,75 долларға төмендейді. Aramco Азияға өз мұнайының басқа да екі сұрыбын жеткізу бағасын $0,25 - $0,35 ұлғайтты.

«Ұлғайту алыпсатарлықты әлсіретуі тиіс, себебі ірі өндіруші ОПЕК өңірлік қарсыласы Иранмен баға соғысына әзірленуі ықтимал. Бұл қаңтарда 13 айлық ең төменгі межеге жеткеннен кейінгі өскен бағаны қосымша қолдауға мүмкіндік береді», - деп жазады басылым.