Келесі айда азиялық тұтынушылар үшін саударабиялық мұнайдың барлық негізгі маркасына шикізат бағасы төмендейді: Arab Super Light - барреліне 1,5$, Arab Light пен Arab Extra Light - барреліне 1,2$, Arab Medium - барреліне 1$, Arab Heavy - 60 центке арзандайды. Сарапшылар бұдан да арзандауын күткен, деп хабарлайды «Интерфакс».
19:58, 06 Желтоқсан 2016
Сауд Арабиясы Азия үшін мұнай бағасын күрт төмендетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы Азияға, ішінара АҚШ-қа мұнайдың қаңтарлық жеткізілімінің бағасын төмендетті, бірақ Еуропаға тариф бағасын көтерді, деп хабарлайды Saudi Arabian Oil Co (Saudi Aramco) мемлекеттік корпорациясы