Сирия өкіметі қақтығыстарды реттеуге қатысты араб елдерінің маңызды ұсыныстарын қабылдамады. Демек Сирия халқының гуманитарлық қасіретін тоқтату үшін халықаралық қауымдастық батыл әрекет етуі тиіс, деп мәлімдеді әл-Фейсал Корольдіктің SPA мемлекеттік агенттігіне.
Араб мемлекеттерінің Лигасы да Сирия президенті Башар Асадты химиялық қару қолданғаны үшін айыптап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерін аталмыш мәселе бойынша ортақ ұстанымға келуге шақырды.
Ал сириялық оппозиционерлер «АҚШ пен одақтас елдер таяу күндері Сирия армиясына қарсы әскери операция бастауы мүмкін» деген батыс елдерінен ескерту келгенін мәлім етті.