Сұхбат кезінде тақ мұрагері көптеген сұрақтарға жауап берді.
Мұхаммед бен Салман «Сауд Арабиясында әйелдер мен ерлер тең бе?» деген сұраққа «шүбәсіз» деген жауап қайтарды. «Барлығымыз - адамбыз, біздің арамызда ешқандай айырмашылық жоқ», - деді ол.
Сауд Арабиясының болашақ басшысы елдің өзгеше бастама жасап жатқанын айтып өтті.
«Біз ерлер мен әйелдер үшін тең еңбекақыға кепілдік беретін ереже жасауға бағытталған бастама әзірлеп жатырмыз», - деп мәлім етті ол CBS арнасына берген сұхбатында.
Тақ мұрагері Сауд Арабиясында әйелдердің тек 22%-ының жұмыс істейтінін және бұл көрсеткіштің өскенін қалайтынын мәлім етті.