Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігінің басшысы ауысты

ӘБУ-ДАБИ. 6 қараша. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының королі Абдулла бин Абдул Азиз жаңа ішкі істер министрі қызметіне ханзада Мохаммед бин Наифті тағайындады, деп хабарлады араб БАҚ-тары.

Тағайындау ханзада Ахмед бин Абдул Азиздің Корольдіктің  ІІМ басшысы қызметінен өз еркімен кетуіне байланысты болды. Жаңадан сайланған ханзада Мохаммед 1975 жылдан бері ішкі істер министрі болған және «Әл-Кайеда» қозғалысына қарсы белсенді күрескер ретінде танымал болған марқұм мұрагер ханзада Наиф Абдул-Азиздың ұлы болып табылады. Ханзада Мухаммед бин Наиф ішкі істер министрінің орынбасары қызметінде лаңкестікке қарсы операцияны басқарған 2009 жылы «Әл-Кайеда» тарапынан шабуылға ұшыраған болатын.

Сарапшылардың пікіріне қарағанда, Сауд Арабиясы ішкі істер министрінің ауысуы Корольдік басшыларының лаңкестікпен және экстремизммен күресті күшейтуге бағытталған шешімімен байланысты болуы мүмкін.