«Қажылыққа келетін адам саны пандемияға дейінгі көрсеткішке жетеді, жас мөлшеріне қатысты шектеу болмайды», - деді корольдіктің Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ әл-Рабия.
Министрдің сөзінше, енді олар Сауд Арабиясында қызметтерді көрсету бойынша кез келген өкілетті компаниямен келісімшарт орната алады.
«Серіктестерімізбен бірге қажылыққа келушілердің жұмысын жеңілдету мақсатында NUSK платформасын іске қостық», - деп атап өтті Тауфиқ әл-Рабия.
Сауд Арабия билігі кейінгі төрт жылда COVID-19 таралуынан қауіптеніп қажылық жасаушылар санын шектеген болатын.
Бұған дейін қазақстандықтар үшін қажылық жасау қолжетімдірек болатыны хабарланған. Себебі, Сауд Арабиясы Қажылық және ұмра министрлігі барынша қолдау көрсетеді.
Фото: aa.com.tr