Сауд Арабиясы қажылықты өтеу құнын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы Қажылық министрлігі 2014 жылдың қажылық жасау құнын жариялады.

Arabian Business басылымының хабарлауынша, осы бағытта жұмыс істеу құқығына 62 компания ие болған. Бұл қажылық компаниялары қажылыққа келушілерге ең төменгі бағада қызмет көрсету жайлы міндеттеме алды.

Құзыретті орынның шешімімен осы жылғы қажылық бағасы қызмет көрсету және өзге де сипаттарына байланысты 2500-5000 сауд риалымен белгіленді.

Қажылық министрлігінің өкілінің мәлімдемесіне сүйенсек, үкімет қажылық компанияларына көрсетілген бағаларды көтермеу жайлы тапсырма берді. Ведомствода сондай-ақ қажылық компаниялары мұсылмандарға сапалы қызмет көрсететінін айтты.

Естеріңізде болса, өткен жылы Сауд билігі қажылық компанияларының қызмет көрсету бағаларының нарықтағы құнының қолжетімді болуы үшін компаниялардың ішкі баға саясатына белсенді түрде араласқан болатын, деп хабарлайды «Нұр Астана» орталық мешітінен.