Сауд Арабиясы мемлекеттік инвестициялық қордың капиталын 2 триллион долларға жеткізбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы мемлекеттік инвестициялық қордың капиталын 2 триллион долларға жеткізіп, оны әлемдегі аса ірісі етуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары, қорғаныс министрі, корольдік тағының мұрагері кезегіндегі екіншісі  Мұхаммад ибн Салман Аль Сауд  Блумберг ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Саудтың мәлімдеуінше, мұндағы мақсат - корольдік экономикасын мұнайға тәуелділіктен құтқару.