Сауд Арабиясы министрі ҚР-да мұнай өндіру көлемін азайту мәселесін талқылайды
«Министр Бозымбаев екеуіміздің де, екі елдің де мүддесі бір жерден шығып жататын тұс көп. ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндіруді азайту туралы уағдаластық жасады. Өздеріңіз байқағандай, оның нәтижесі нарықта көрініс тапты. Бұл мәселеге қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Осы күндері - бүгін-ертең келісімді ұзарту мәселесін талқылағым келеді», - деді ол энергетика министрі Қанат Бозымбаевпен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Ол сенбі күні Бақытжан Сағынтаевпен кездесетінін хабарлады.
«Мен ертең ҚР Премьер-Министрімен кездесіп, алдағы жартыжылдықта не істейтінін сұраймын. Нарықтың алға жылжып жатқанын атап өткен жөн», - деп атап өтті шетелдік министр.
Еске салайық, Қазақстан ОПЕК-ке шикізат өндіруді 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда (тәулігіне 1,7 миллион баррель) осы жылдың бірінші жартысында тәулігіне 20 мың баррельге дейін азайтуды уәде еткен болатын.