ОПЕК мұнай бағасының қарқынды құлдыраған жағдайына бейімделуге мәжбүр. Ірі мұнай өндіруші Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағының басқа да елдері мұнай бағасы барреліне 60 доллар көлемінде тұрақталады деп күтуде, деп жазады The Wall Street Journal.
Жағдайды жақсы білетін мұнай экспортшылары мұндай бағамен жағдайды еңсеруге болады деп санайды. Тіпті барреліне 60 доллардан төмен түскен жағдайда да бұл ұзаққа созылмайтын үрдіс», - деп басылым мұнай шенеунігінің пікірін келтірген.
Қарашаның басында ОПЕК елдерінің өкілдері барреліне 70 долларға түссе де мұнай экспортшылары дүрлікпейтінін айтқан. 3 желтоқсан күні, сәрсенбіде Brent маркалы мұнай барреліне 70 доллардан сәл асатын деңгейде сатылды.
Ірі араб мемлекетінің өкілдері қазанда мұнай нарығының қатысушыларымен, талдаушыларымен кездесу барысында елдің таяу жылдары мұнай бағасының барреліне 80 долларға дейін түсуіне әзір екендігін мәлімдеген. Орта мерзімді перспективада ОПЕК-тегі ірі мұнай өндіруші неғұрлым жоғары табысқа үміттенген: саудтықтар мұнайдың төмен бағасы бәсекелес жобалардан ұсыныс өсімін тоқтатады деп күткен.