Басылым мәліметінше, Сауд Арабиясы мұнай нарығындағы шиеленісті жағдайға қарамастан, нақты тапшылық жоқ деп есептейді. Алайда ЕО санкцияларына байланысты Ресейде мұнай өндірісі төмендеген жағдайда жанармай тапшылығының ықтималдығы артады.
Басылымның хабарлауынша, Сауд Арабиясы мен БАӘ-де тез арада мұнай өндіруді арттыру мәселесі талқыланды. Дипломатиялық дереккөз Financial Times-қа бұл шешім бейсенбіде ОПЕК отырысында жариялануы мүмкін екенін айтты. Бірақ ол әлі толық қабылданған жоқ.
Келісімге қол жеткізілген жағдайда қыркүйекке жоспарланған мұнай өндіруді ұлғайту шілде мен тамызға ауыстырылатын болады.