Сауд Арабиясы Uber-ге $3,5 млрд инвестиция құяды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының тәуелсіз қоры Uber такси шақырту сервисіне $3,5 млрд. инвестиция құюды жоспарлауда. Бұл туралы Gazeta.ru Financial Times-қа сілтеме жасап хабарлады.

Басылым Сауд Арабиясы қоры мен Uber арасындағы келіссөз 2016 жылғы наурызда басталғанын нақтылады.

Қор директорлар кеңесінің бас хатшысы Ясир Алрумаян Uber «әлем бойынша қалаларда ұшқырлықты едәуір жақсартқанын» мәлімдеді, ол осы үдерістің қатысушысы болуды тағатсыздана күтіп отырғанын атап өтті.

  Financial Times ақпаратына сәйкес, Алрумаян  компанияның директорлар кеңесіне кіреді,  ал    Сауд Арабиясы қорының инвестициясы   Uber-ге бес пайыздық үлес әкелуі тиіс.

Автомобиль тасымалдау сервисі өкілінің айтуынша, Эр-Рияд инвестициясы бес қала тұрғындарына қолжетімді сервис елдегі компания жұмыстарының алаңын міндетті ұлғайтуды қарастырмайды.

Бұдан бұрын Uber компаниясы Пенсильвания (АҚШ) штатында Питтсбург жолдарында алғашқы өзін-өзі басқаратын автомобильдісынақтан өткізуді бастағанын хабарлаған болатын.