Ел билігі бұл мәселені мемлекеттік аккредитациядан өткен, шетелден жұмысшы күшін тартумен айналысатын ондаған компанияның көмегімен шешуді құп көріп отыр. Осыған орай аталмыш компанияларға шетелден жұмысшы күшін тартуы үшін 700 мың виза ашып беруді жоспарлап отыр. Олардың көбісі үй шаруашылығын жүргізетін шетелдіктерге беріледі.
Muslim.kz сайтының жазуынша, аталмыш компаниялар айына 1500 саудиялық риалдан (400 доллар) артық ақы алмайтын кадрларды тауып беретініне уәде берді. Жұмыс берушілер де олардың шығынына бас ауыртпайтын болды. Бұған қоса, демалыс күндері жұмыс істеген үй шаруашылығындағы адамдарға төленетін ақыны да рекрутингтік компания өз мойнына алып отыр.