Сауд Арабиясы WTI мұнайының құнын 2012 жылдан бергі ең төменгі деңгейге дейін түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желтоқсанда Техасс мұнайын жеткізу құны Нью-Йорктегі саудада бір баррелі үшін 1,76(2,2%) доллардан 78,78 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды Росбалт.

Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының төмендеуіне Saudi Arabian Oil компаниясының АҚШ пен Азия елдеріне оны экспорттау бағасын түсіруі себеп болған. «Сауд Арабиясының тарапынан аталған қадам оның АҚШ нарығында өз үлесін сақтап қалғысы келетінін көрсетіп отыр, ол жуырда біршама кеміп қалған болатын. Саудтықтар үшін осы баға мен сұраныс деңгейі көңілге қонымды болса керек», - деп атап өтті Again Capital LLC хедж-қорының қызметкері Джон Килдаф. Оның пікірінше, Сауд Арабиясы қыста мұнайға деген сұраныстың болуы олардың жай-күйін нығайтатуға мүмкіндік беретініне үміттенеді. Еске сала кетейік, 31 қазанда Нью-Йорк тауар биржасында WTI мұнайы 0,7 пайызға арзандады. Осылайша ол бір баррелі үшін 80,54 долларға құлдырады. Сол кезде де Сауд Арабиясы өзінің нарықтағы үлесін сақтап қалу үшін бағаны төмен деңгейде ұстап тұруға әзір екені атап өтілген еді.