Сауд Арабиясы Йеменде әскери операцияны бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағындағы оның одақтас елдері Йеменде әскери операцияны бастады, деп хабарлады Сауд елшісі Адель аль-Джубейр.

Коалиция "президент Хадидің Йемен мен оның халқын хусит содырларынан қорғауға шақырған үндеуіне жауап бермек" деген Сауд Арабиясы, БАӘ, Кувейт, Бахрейн және Катар елдерінің мәлімдемесіндегі сөздерді Франс-пресс агенттігі келтірді.

Сауд Арабия елшісінің сөзіне қарағанда, одақтастар әуеден соққы жасаған.

Ол, сондай-ақ, коалиция құрамында 10 ел бар екенін атап өтті.