«Қазан айында немесе жыл соңында баға $60 дейін жетеді», - деді ол.
Министрдің айтуынша, Сауд Арабиясы мұнай өндірісін тұрақтандыру бойынша келіссөздерде Ресейдің жасампаз рөліне сенім артып отыр, деп жазды ТАСС.
Сауд Арабиясы мен Ресей бірнеше күн бойы мұнай өндіруді қысқарту және әлемдік мұнай нарығындағы жағдайды қалыпқа келтіру келешегі мәселелерін талқылайды, деп толықтырды Халед бен Абдель Азиз аль-Фалех.
«Біз ресейлік энергетика министрі Александр Новакпен екі күн кездесіп, мұнай өндіру мәселелері және өзге де тақырыптарды талқылауды жоспарлаудамыз. Ресейлік тараптың жағымды рөліне сенім артамыз», - деді ол.