Құрылған күнінен бастап сот 1080 істі қарап үлгерген, қазіргі таңда онда 2800 күдіктіге қатысты тағы 419 іс қаралуда.
Мамандандырылған қылмыстық сот Сауд Арабиясында және көршілес Йеменде әрекет ететін «Әл-Каиданың» жергілікті бөлімшесімен байланысы бар деген күдіктілердің ісін қарайды.
Алайда, сыншылар шииттердің көтерілісіне қатысы бар белсенділер, құқыққорғаушылар да аталмыш соттың тұзағына ілінеді деп дабыл қағуда.