Үш аяқты штатив принципі бойынша құрастырылып жатқан ғимарат желге төзімді етіп салынбақ. Көк тіреген ғимаратты тұрғызу үшін 80 мың тонна құрыш құйылады.
Ең биік ғимаратта қонақ үйлер, кеңселер, жеке апартаменттер мен көптеген басқа қызмет көрсету орындары орналасады. Салынып жатқан ғимарат Kingdom City жобасының бір бөлігіне айналады, оның жалпы құны шамамен 20 млрд. долларды құрайды.