Сауд Арабиясында 48 зияратшы су тасқыны салдарынан опат болды
12:11, 26 Қараша 2009
АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында қажылыққа барған 48 зияратшы нөсер жауын салдарынан туындаған су тасқынының құрбаны болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті теледидардың хабарлауынша, мұсылмандар үшін қасиетті Меккеге және оның айналасына табиғат апаты төнген. Солай болғанымен, бүгін екі жарым миллион зияратшылар Арафат тауына жиналады, онда қажылық өтеушілер Қағбаға жүзін қаратып, Арафатта жалбарынып, дұға оқиды. Биылғы жылы Сауд Арабиясына 20 мың ресейлік мұсылман жамағаты аттанып кетті.